"Барселона" төрешілер техникалық комитетінің бұрынғы басшысы Энрикес Негрейраға ұзақ жылдар бойы "кеңес бергені" үшін жалпы сомасы 7,5 миллион еуро төлеген, деп жазды UzA ақпарат агенттігі.
AS басылымының хабарлауынша, УЕФА "Негрейра ісі" туралы жаңалықты назарға алып, "Барселонаны" еурокубоктардан шеттету мәселесін талқылауға кіріскен. Дереккөз УЕФА үкім шығарар алдында ресми тергеудің аяқталуын күткенді жөн көретінін айтты.
Алайда, этика инспекторлары клубқа тағылған айыптар жеткілікті түрде ақталған және кінәсі іс жүзінде дәлелденген деп есептесе, клуб еурокубоктардан шеттетіледі.
Үкім шығарардан бір күн бұрын Ла Лига президенті Хавиер Тебас "Барселонаның" Негрейра ісі бойынша кінәсі дәлелденсе, клуб Испания чемпионатының жоғарғы дивизионынан шығарылуы мүмкін екенін мәлімдеген.
Оқи отырыңыз: Әжеде де әже бар, жас балаша доп тебер. Футболист әжелердің әңгімесі