Барлық ХҚКО-да бірнеше қызметке өтініш қабылдау уақытша тоқтатылады

Қызметтер 9 және 10 маусым аралығында қолжетімсіз болады.

Ішкі істер министрлігінің "Ақпараттық-өндірістік орталығы" техникалық жұмыстар жүргізіп жатыр. Соған байланысты 2023 жылғы 9 және 10 маусым аралығында барлық ХҚКО-да бірнеше қызметке өтініш қабылдау уақытша тоқтатылады, деп хабарлады Азаматтарға арналған үкімет.

Атап айтқанда:

  • Қазақстан Республикасында уақытша тұратын шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға жеке сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру және түзету қызметі;
  • Еңбекші көшіп келушілерге рұқсаттар беру, ұзарту және кері қайтарып алу қызметі;
  • Шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында уақытша және тұрақты тұруға рұқсаттар беру қызметі;
  • Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұру үшін шығуға арналған құжаттарды ресімдеу қызметі уақытша қолжетімсіз.

"Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз", – деп жазылған хабарламада.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз