Тікелей эфир

Банктерге мерзімі өткен қарыздарды коллекторлық компанияларға беруге шектеу енгізіледі

Қазақстанда банктер мен шағын қаржы ұйымдарына жеке тұлғалардың мерзімі өткен қарыздарын коллекторлық компанияларға беруіне шектеу енгізілмек.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Олжас Қизатов банктер мен шағын несие ұйымдары займды коллекторлық агенттікке бергенге дейін аталған қарызды қайта құрылымдау үшін 18 айлық мерзім белгілегілері келетінін айтты7 Бұл туралы ҚазАқпарат жазды.

Бүгін Әділет вице-министрі Алма Мұқанованың төрағалығымен өткен заң жобалау қызметі мәселелері бойынша ведомствоаралық комиссияның отырысында «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығын дамыту және қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» мәселе қаралды.

"Банктер мен шағын несие ұйымдары қарызды коллекторлық агенттікке бергенге дейін аталған қарызды қайта құрылымдау үшін 18 айлық мерзім белгілегіміз келеді, яғни бұл займның шарты қарыз алушы – жеке тұлға үшін жақсартылуы тиіс. Мүмкін сыйақы мөлшерлемесі төмендетілуі, банктер мен шағын қаржы ұйымдары тарапынан қарыздың бір бөлігі кешірілуі, қарызды өтеу мерзімі ұзартылуы қажет шығар. Демек, қарыз жүктемесі төмендейді және де банктер мен шағын қаржы ұйымдары қайта құрылымдау жүргізгеннен кейін ғана мұндай несиелерді коллекторлық агенттіктерге бере алады", – деді отырыстан кейін БАҚ өкілдеріне сұхбат берген Олжас Қизатов.

Оның сөзіне қарағанда, бүгінде қолданыстағы заңға сәйкес, жеке тұлғаның берешегінің төлеу мерзімі өтіп кетсе, онда банктер де, шағын қаржы ұйымдары да бірден займды қайтарып алу құқығын коллекторлық агенттіктерге бере алады.


Оқи отырыңыз: Несие төлемін кешіктірсеңіз, не істеу керек? Маман кеңесі


 

Серіктестер жаңалықтары