USD: 472.9 / 475.9
  • EUR: 538.0 / 543.0
  • RUB: 5.67 / 5.79
Тікелей эфир
Алматы +26C
Все города

Балқашта салынатын жаңа мыс қорыту зауыты 1200 адамды тұрақты жұмыспен қамтамасыз етеді

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Кәсіпорынның құрылысы 2027 жылы басталып, 2030 жылы іске қосылады.

Мемлекет басшысының шикізатты терең өңдеуді дамыту және қосылған құны жоғары өнім шығаруды ұлғайту жөніндегі тапсырмаларын іске асыру шеңберінде ҚР Үкіметі Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі мен "Qazaq Smelter" ЖШС арасындағы мыс қорыту зауытын салу жобасы бойынша инвестициялар туралы келісімді мақұлдады. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады. 

Тиісті қаулыға премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды. 

Жаңа өндіріс Қарағанды облысының Балқаш қаласында жүзеге асады. Жеке инвестициялардың жалпы көлемі 750 млрд теңгені құрайды. Кәсіпорнының құрылысы 2027 жылы басталады, пайдалануға беру 2030 жылға жоспарланған. Зауыттың өндірістік қуаты жылына:

  • 300 мың тонна катодты мыс;
  • 10 тонна алтын;
  • 300 тонна күміс;
  • 1,5 млн тоннадан астам күкірт қышқылын өндіруге қауқарлы. 
Инфографика: Үкіметтің Telegram арнасы

Жоба 1,2 мыңға жуық тұрақты жұмыс орнын ашуды көздейді. Кәсіпорын іске қосылған кезде қызметкерлердің 90 пайызы басшылық лауазымдарды қоса алғанда, қазақстандық мамандарды құрайтын болады, алдағы бес жыл ішінде олардың үлесі 95 пайызға дейін артады. Сондай-ақ инвестор Қарағанды облысының оқу орындарында 50 студентті даярлау бойынша міндеттемелер алады. 

Жаңа қуаттарды іске қосу ел ішінде мыс шикізатын қайта өңдеу көлемін бір жарым есеге арттырып, жылына 800 мың тоннадан астам көлемге ұлғайтуға мүмкіндік береді. Қосылған құны жоғары өнімнің экспорты жылына 460 мың тоннадан 760 мың тоннаға дейін өседі. Сонымен қатар өндіріс заманауи технологиялармен және цифрлық шешімдермен жабдықталатын болады. 

Осы жылдың алты айының қорытындысы бойынша өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі 9,8 пайызға ұлғайды. Өсім машина жасау, тамақ және химия өнеркәсібі, мұнай өңдеу, құрылыс материалдарын шығаруда және басқа да салаларда байқалады. Осы кезеңде елімізде 232 мың тонна катодты мыс өндірілді. 

Катодты мыс – қосылған құны жоғары өнім шығарудың негізгі шикізаты. Ол электр кабельдері мен жабдықтарын, құбырларды, құрылыс материалдарын, автомобиль бөлшектерін, сондай-ақ қола, жез және басқа да мыс қорытпаларын өндіруде қолданылады.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау