Облыстық мәслихаттың қарауына Саршаған кентін Приозерск қаласына және Шашубай кентін Балқаш құрамына қосу мәселесі ұсынылмақ.
Ақтоғай ауданына қарасты екі ауыл – Шұбартүбек пен Тораңғылық Балқаш қаласының әкімшілік-аумақтық басқаруына берілді. Бұл шешімді Қарағанды облыстық мәслихат депутаттары кезектен тыс VIII сессияда мақұлдады, деп хабарлады Saryarqanews.kz.
Шешімге сәйкес, Ақтоғай ауданына қарасты 8 744 га жер телімі енді Балқаш қаласының құрамына енеді. Қалаға берілетін жердің 5 412 гектары Шұбартүбек, 2 627,2 гектары Тораңғылық ауылына тиесілі. Ал қалған 700,7 гектар Ақтоғай ауданының жер қоры есебінен алынады.
"Шұбартүбек ауылы мен Тораңғылық ауылдық округін Балқаш қаласына қосу жергілікті маңызға ие бірқатар мәселені оң шешуге ықпал етеді. Атап айтқанда, ауылдардың әлеуметтік инфрақұрылымын дамыту, тұрғындарды сапалы ауызсумен қамтамасыз ету және абаттандыру, жарық орнату, ағаш егу мәселелерін реттеу мен санитарлық тазалық жүргізуге мүмкіндік береді. Жалпы алғанда, Балқашқа 8 487 гектар жайылым және 257 гектар өзге мақсаттағы жер беріледі", – деді облыстық экономика басқармасының басшысы Азамат Мұқанов.
Оның айтуынша, алдағы уақытта қаланың құрамына қосылатын ауылдарда 163 тұрғын үй, 236 демалыс аймағы, 4 дәріхана, 3 спорт зал, 42 стадион мен спорт алаңқайлары, 4 қайық станциясы, 65 дүкен, 65 қоғамдық тамақтану орны, 5 монша, 2 өрт сөндіру депосы және этнографиялық мұражай салу көзделуде.
Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек Ақтоғай ауданының әкімшілік-аумақтық құрылымы алдағы уақытта тағы өзгеріске ұшырауы мүмкін екенін айтты. Яғни, облыстық мәслихаттың қарауына Саршаған кентін Приозерск қаласына және Шашубай кентін Балқаш құрамына қосу мәселесі ұсынылады.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1📣 Республикалық "Үздік педагог" байқауына енді жекеменшік мектеп мұғалімдері де қатыса алады
-
304
-
0
-
0
-
-
2🐻Шымкенттегі зообақта қонжық дүниеге келді
-
276
-
0
-
5
-
-
3🌊 Каспий теңізі арқылы есірткі тасымалдап жүргендер ұсталды
-
257
-
0
-
0
-
-
4⚡️Елена Рыбакина АҚШ-тағы WTA 1000 турнирінің финалына шықты!
-
262
-
0
-
6
-
-
5ҰҚК шекара қызметіне 150 адам әскери жиындарға шақырылады 🫡
-
257
-
0
-
0
-
-
6📉 Алматы облысында тауарлық газ тарифі төмендетілді
-
260
-
0
-
0
-
-
7📣 1 сәуірде жүлдеге Ұмра қажылығына жолдама беретін мүшәйраға өтінім қабылдау басталады
-
254
-
0
-
0
-
-
8💸 Қазақстанда азық-түлік қымбаттады
-
259
-
0
-
0
-
-
9📣 Қандастар мен шетел азаматтарына арналған оқу грантына құжат қабылдау басталды
-
256
-
1
-
1
-
-
10❕ Қазақстанда жыл басынан бері мыңнан аса еңбек заңнамасы бұзылған
-
260
-
0
-
0
-