Тікелей эфир

Балабақша тәрбиеленушілері арасында шахматтан Балалар кубогы өткізіледі

Мұндай жарыстар биылдан бастап жыл сайын ұйымдастырылады.

Қазақстанда шахматты дамыту мақсатында 2023 жылдан бастап мектепке дейінгі ұйымдарды шахматтан Балалалар кубогы өткізу жоспарланып отыр. Бұл Ашық НҚА порталында жарияланған "Қазақстан Республикасында шахматты дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған кешенді жоспарының" жобасынан белгілі болды.

Кубок жыл сайын Қазақстанның барлық өңірінде жергілікті әкімдіктер мен "Қазақстандық шахмат федерациясы" РҚБ ұйымдастыруымен өткізіледі.


Оқи отырыңыз: Шахмат "перғауындарымен" шайқасқандар


Сондай-ақ, шахматты дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған кешенді жоспарында жалпы білім беретін мектептерде, қосымша білім беру ұйымдарында, оның ішінде мемлекеттік тапсырысты орналастыру арқылы шахмат секцияларының желісі кеңейтілетіні жазылған. Бұл үшін шахмат бойынша мемлекеттік және орыс тілдерінде 1-4 сыныптарға арналған оқу-әдістемелік кешенді әзірленеді және кадр тапшылығының алдын алу үшін Педагогикалық бағыттар бойынша жұмыс істеп тұрған кафедралар базасында шахмат бойынша педагогтарын даярлау бойынша ЖОО штаты артады.

Ал 2024 жылдан бастап жыл сайын кемі 50 жаттықтырушыны дайындау мақсатында оқыту семинарларын өткізу жоспарланған.


Оқи отырыңыз:


Мәдениет және спорт министрлігі әзірлеген жоба 14 наурызға дейін қоғам талқысына ұсынылған. 

Серіктестер жаңалықтары