Тікелей эфир

Бақытбек Есентаев мерзімінен бұрын бостандыққа шығады

Ол 9 жыл жазаның үштен екісін өтеді.

Қонаев қалалық соты жазасын өтеуші Бақытбек Есентаевтың мерзімінен бұрын шартты түрде босату туралы өтінішін қарады.

Прокурор Бақытбек Есентаевтың өтінішін қанағаттандыруды сұраған. Жәбірленуші Баян Алагөзова мен оның өкілі де Бақытбек Есентаевты шартты түрде мерзімінен бұрын босатумен келіскен.

"Есентаев жазасын өтеу кезінде 11 рет мақтау, 1 рет ескерту алды. Жазаның жарты бөлігін, яғни 6 жыл 1 ай 2 күнін өтеді. Тәртібі 3 оң дәрежемен бағаланады. Жасаған қылмысының қоғамдық қауіптілігін түсініп, істеген ісіне өкінеді. Сот үкімімен салынған 756 269 теңге процестік шығындарды ерікті түрде өтеді" делінген сот хабарламасында.


Оқи отырыңыз: Қайрат Боранбаевты күзетпен ұстау мерзімі ұзартылды


Соттың 12 шілдедегі қаулысымен Бақытбек Есентаевтың шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтінішхаты қанағаттандырылды. Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2016 жылғы 3 қарашадағы үкімімен Есентаев кісі өлтіруге оқталу (ҚК 24-бабының 3-бөлігі, 99-баптың 1-бөлігі) бойынша 9 жылға сотталып, жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде өтеуге кесілген.



Серіктестер жаңалықтары