USD: 470.9 / 473.7
  • EUR: 548.0 / 553.0
  • RUB: 6.35 / 6.47
Тікелей эфир
Алматы +19C
Все города

Байзақтағы жарылыс: сот мемлекетке 23,7 миллиард теңге қайтаруға үкім шығарды

Шымкент соты министрліктің талабын қанағаттандырды.

Шымкенттің ауданаралық соты Қорғаныс министрлігінің төрт жауапкерінен мемлекетке 24 миллиард теңге шығын өндіру туралы талап арызын қарады.

2021 жылғы 26 ​​тамызда Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы әскери бөлімнің оқ-дәрі қоймасында өрт шығып, салдарынан жарылыстар болды. Жарылыстан 18 адам қаза болды.

Кінәлілерге биыл көктемде үкім шықты – төрт әскери қызметкер нақты жазаларын алды.

"Сот 28349 әскери бөлімінің техникалық аумағында №14 инженерлік оқ-дәрілер қоймасында жарылыс жауапкерлердің әрекеті нәтижесінде орын алғанын ескере отырып, олардан материалдық шығынды бірлесіп өндіру қажет деп санады. 23 764 530 881 теңге өндірілді. 1,3 миллиард теңгенің материалдық шығыны талап дәлелдемелерінің жоқтығынан бас тартылды", – делінген сот хабарламасында.

Шешім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз