USD: 469.3 / 471.9
  • EUR: 535.0 / 540.0
  • RUB: 5.67 / 5.79
Тікелей эфир
Алматы +20C
Все города

Баян Алагөзова актриса Меруерт Өтекешоваға пәтер әперуге уәде берді

Видеодан үзік кадр
Видеодан үзік кадр
Оған қоса, продюсер актрисаға қоғамда дау тудырған Қыз Жібек кейіпкерінің аңызға айналған камзолын табыстады.

Продюсер Баян Алагөзова бүгін кездескен актриса, Қазақстанның халық әртісі, Қыз Жібек рөлін сомдаған Меруерт Өтекешоваға пәтер сыйлайтынын мәлімдеді.

"Сіздей адам дүниеде жоқ және болмайды да. Мен сізге өзіңізге ұнайтын, өзіңіз қалаған ауданда пәтер сыйлағым келеді. Екі айдың ішінде сізге пәтер таңдап береміз деп уәде беремін. Сіз ең жақсы жағдайда өмір сүруіңіз керек", – деді Баян Алагөзова.

Сондай-ақ, Баян Алагөзова Меруерт Өтекешоваға тон мен сырға сыйлады. Бұдан бөлек, продюсер актрисаға қоғамда қызу талқылау тудырған Қыз Жібек кейіпкерінің аңызға айналған камзолын табыстады.

Бұған дейін Баян Алагөзова фильм түсірілімінде Меруерт Өтекешова киген камзолдың өзінің жеке коллекциясында екенін және оны сыйлық ретінде алғанын айтқан болатын. Қазақстандықтардың пікірлері екіге бөлінді: біреулер бұл бұйым халықтың мұрасы болып, музейде сақталуы тиіс десе, енді біреулер камзол сенімді қолда екенін атап өтті. Мәдениет және ақпарат министрлігі бұл құнды дүниенің жеке меншікке қалай өткенін анықтауға уәде берді.

Қызғылт түсті, терімен көмкерілген камзолдың авторы – суретші Гүлфайрус Ысмайылова. "Қыз Жібек" фильмін режиссёр Сұлтан-Ахмет Қожықов 1969-1970 жылдары "Қазақфильм" киностудиясында түсірген.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау