Министр Мемлекеттік техникалық қызмет кибершабуылдарға тойтарыс беру мақсатында жұмыс жүргізіп жатқанын айтты.
Үкімет отырысынан кейін журналистер Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусиннен интернет жұмысындағы ақаулар туралы сұрады.
"29 қыркүйекте мемлекеттік техникалық қызмет Қазақстан Республикасының инфрақұрылымына жаппай шабуылдар тіркелгенін хабарлағанын білесіздер. Сондықтан оның не болғанын және қайдан шыққанын зерттеу үшін, инфрақұрылымдық қауіпсіздік деңгейін арттыру мақсатында белгілі бір жұмыстар жүргізіліп жатыр. Ал біздің, яғни мемлекеттік техникалық қызметтің басты міндеті – Қазақстанның барлық ресурстарын қорғауды қамтамасыз ету. Тіпті БАҚ сайттарына да шабуыл жасалғанын бәріңіз білесіздер, осының барлығын болдырмау үшін ақпараттық қауіпсіздік деңгейін арттыру қажет, бұл жұмыстар зерттеліп жатыр", – деді Бағдат Мусин.
Оқи отырыңыз: Бағдат Мусин: Алаяқтар қоңырау шалса, қазақша жауап беремін
Алайда министр мемлекеттік техникалық қызметке жауапты емес екенін ескертті.
"Цифрлық даму министрі ретінде мен мемлекеттік техникалық қызметке, олардың жұмысын қалай жүргізетініне жауапты емеспін. Интернет барлық Қазақстанда қалай ұстап тұрса, менде де солай ұстап тұр", – деді ол.
Бағдат Мусин интернет жұмысының қалыпқа келуі үшін біраз күту керек екенін айтты.
"Біз жұмыс істеп жатырмыз. Кей кездерде ақаулар болады. Оны барлығымыз сезіп отырмыз. Бірақ кішкене күту керек. Ол кішкене ақаулар кибер шабуылдар көбейіп кетсе, инфрақұрылымымыз құрып қалса, мүлдем жұмыс істемей қалуы мүмкін. Сондықтан осылай-осылай кішкене-кішкене ақаулар болады. Жалпы алғанда интернет жұмыс істеп тұр ғой. Интернет жоқ деп айтуға болмайды", – деді ол.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1💸 4244 теңге: 1 шілдеден бастап Қазақстандағы саяси қуғын-сүргін құрбандарына берілетін арнайы жәрдемақы мөлшері өседі
-
298
-
0
-
3
-
-
2👨🏻🎓 Биыл 172 мың түлек мектеп бітіреді. Оның ішінде 6,8 мың оқушы "Алтын белгіге" үміткер
-
273
-
0
-
1
-
-
3🎾 Елена Рыбакина әлемдік рейтингте 3 орынға көтерілді
-
258
-
0
-
11
-
-
4🪖 ХХ ғасырдағы саяси қуғын-сүргін материалдарын зерттеу орталығы ашылды
-
251
-
0
-
5
-
-
5👥 Түркістан қаласының халқы қашан жарты миллионға жетеді?
-
250
-
0
-
5
-
-
6🏙 Астанада халықаралық волонтерлік орталық ашылады
-
252
-
0
-
2
-
-
7😱 Назарбаевтың туыстарына тіл тигізгені үшін салынған айыппұлдар қылмыстық кодекстен алынып тасталады
-
257
-
1
-
11
-
-
8🇰🇿 Яссауи кесенесі ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұралар тізімінен сызылуы мүмкін
-
283
-
0
-
5
-
-
9🇰🇿 Қазақстандықтар eGov арқылы өз атына несие алуға тыйым сала алады
-
282
-
0
-
2
-
-
10🔌 Жазда балалардың электр тоғымен зақымдануы жиілейді. Одан қалай сақтану керек?
-
317
-
0
-
4
-