USD: 487.5 / 490.1
  • EUR: 565.0 / 570.0
  • RUB: 6.49 / 6.61
Тікелей эфир
Алматы +27C
Все города

Бадам өзенінің жағалауында тасқын қаупі жоқ

Бадам өзенінің жағалауында тасқын қаупі жоқ
Бадам өзенінің жағалауындағы жағдай тұрақты. Ешқандай тасқын қаупі жоқ.

Көктем мезгілінде су деңгейі жиі көтерілетін өзеннің тасқын қаупін азайту үшін өткен жылы 5,3 шақырым жағалау бекітіліп, желтоқсан айында толық аяқталған болатын. Бұл жұмысқа 2,7 миллиард теңге теңге бөлінген. 

Қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасының мәліметінше, Игілік, Жаңаталап және Көкбұлақ елді мекендерінің тұсында өзен арнасы реттеліп, жағалауы бетондалған. Алайда белгісіз тұлғалар өзен арнасынан заңсыз тас қазып алып, гидротехникалық құрылысқа зиян келтірген.

"Заңсыз әрекеттер салдарынан бетон бөгеттің шамамен 40 метрі бүлінді. Қазір құқық қорғау органдары кінәлілерді анықтау жұмыстарын жүргізіп жатыр", – деді басқарма басшысы Әбілқайыр Оңғар.

Мамандардың айтуынша, зақымданған бөлігі мердігер компания есебінен қалпына келтіріледі. Жобаның кепілдік мерзімі 7 жылды құрайды.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз