Backstreet Boys концерті: Астанаға 45 елден 12 мың турист келді

Фото: Астана әкімдігінің сайты
Фото: Астана әкімдігінің сайты
Концертте көрермендер Total White дресс-кодын сақтады.

«Астана Арена» стадионында өткен Backstreet Boys тобының концертіне 12 мыңнан астам турист келді, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.

Концертке Германия, Польша, Франция, Түркия, Финляндия, Литва, Эстония, Чехия, Сербия, Грекия, Әзербайжан, Ресей, Өзбекстан және тағы басқа елдерді қоса алғанда, 45 мемлекеттен 12 мыңнан астам турист арнайы келді.

Кештің ұйымдастырушысы – «Астана Концерт» компаниясы Total White дресс-кодын жариялап, іс-шшараға ерекше бірлік пен стиль берді. Әлеуметтік желілерде #GetReadyWithMe тренді кең таралып, жанкүйерлер балалық шақтағы кумирлерін қарсы алуға қалай дайындалғанын көрсетті.

Фото: Астана әкімдігінің сайты

Backstreet Boys концерті Астанадағы әлемдік жұлдыздардың кезекті қойылымы ғана емес, елорда тарихына енген ауқымды мәдени оқиғаға айналды.

Әлемдік музыкалық тарихтағы ең табысты поп-топтардың бірі саналатын Backstreet Boys 130 миллионнан астам альбом сатты. Астанадағы концерт олардың әлемдік турнесінің бір бөлігі болды. Ал 2025 жылы топ Лас-Вегастағы әйгілі The Sphere кешенінде рекорд орнатып, бір күннің ішінде 500 мыңнан астам билеттің сатылуымен тарихтағы ең көп сатылған шоуға қол жеткізді.

 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары