29 қарашада Астанада өтетін күрестен Wrestling Stars дәстүрлі турниріне қатысатын тағы бір балуан белгілі болды, деп хабарлады Sportbugin.kz.
Елорда бозкілеміне еркін күрестен 3 дүркін Азия чемпионы, әлем чемпионаттарының қола жүлдегері Азамат Дәулетбеков шығады.
86 келі салмақта белдесетін балуанның қарсыласы жақын арада белгілі болады.
Еске салайық, дүбірлі додаға еркін және грек-рим күресінен әлемдік спорттағы танымал балуандар қатысады. Олардың қатарында даңқты италиялық балуан Франк Чамисо да бар.
Wrestling Stars турнирі 29 қарашада Астанадағы Beeline Arena спорт кешенінде өтеді.
Оқи отырыңыз: "Қазақстан барысы" турнирі жеңімпазының жүлдесі бірден 10 миллион теңгеге азайды
USD:
462.3 / 465.1
EUR:
542.0 / 547.0
RUB:
6.01 / 6.13