"Азия дауысы" халықаралық фестиваліне шетелдегі қазақтар да қатыса алады, деп хабарлады Отандастар қорының баспасөз қызметі.
"Отандастар қоры" КЕАҚ мен "Азия дауысы" халықаралық фестивалі" ҚҚ осы жөнінде келісімге келіп, тараптар меморандумға қол қойды. Келісімнің мақсаты – шетелдерде тұратын талантты отандастардың өнеріне ерекше мән беріп, қолдау көрсету.
"Осыдан 33 жыл бұрын "Медеу" мұз айдынында тұсауын кескен "Азия дауысы" халықаралық фестивалі аз уақытта талай дарынды танытқаны белгілі. Араға 18 жыл салып аталмыш жоба үлкен сахнаға қайта оралды. Биылдан бастап Отандастар қорының бастамасымен "Азия дауысы" сахнасында шет елдерде тұратын қандастарымыз да өнер көрсетеді" делінген қордың хабарламасында.
Оқи отырыңыз: Үш жыл үзілістен соң "Жас қанат" ән байқауы қайта өткізіледі