Алматыдағы Медеу мұз айдынында Black Eyed Peas тобының мега-жұлдыздары "Азия дауысы-2023" фестивалін дүркіретті.
Фестиваль тарихында алғаш рет шақырылған әлем жұлдыздарының толыққанды жеке концерті өтті. Zakazbiletov.kz жобасының директоры Сәбит Сүлейменовnың айтуынша, Black Eyed Peas тобы қазір Еуропадағы гастрольде жүр. "Азия дауысының" уақытында олар бос болды. Алматыға Венгриядан ұшып келді, енді Испанияға ұшып кетеді.
Қазіргі уақытта Black Eyed Peas тобы "Where is the Love?" хитінің 20 жылдығы және осы аттас тоғызыншы альбомның шығуына орай Elevation әлемдік турнесін өткізіп жатыр. Бірге атап өту үшін тірі аңыз will.i.am топқа қайта қосылды. Ал J. Rey Soul Фергиді сәтті алмастырды.
Қазақстанның түкпір-түкпірінен және Ресей, Біріккен Араб Әмірліктері сияқты бірнеше елдерден жанкүйерлер Алматыға тек Black Eyed Peas үшін келді. Black Eyed Peas 2000-шы жылдардағы хиттерін орындаған кезде көрермендер түгел секіріп билеп кетті.
Концерт аяқталған соң "Харекет" қоғамдық қоры "Азия дауысы" сахнасында қазақстандықтардың ақшасына сатып алынған пәтердің кілтін мұқтаж отбасына табыс етті. Қор құрылғалы бері 650 отбасы үйлі болды.
Бүгін фестивальдің соңғы күнінде аты аңызға айналған эстрада жұлдыздары өнер көрсетеді. Алматы қаласының әкімдігі көрермендердің Медеуге оңай жетіп, қалаға жылдам оралуын қамтамасыз етті. Фестиваль кезінде қосымша автобус бағыты іске қосылды. Сәтбаев пен Байтұрсынов қиылысынан Медеуге дейін автобустар сағат 14.00-ден 24.00-ге дейін жүреді.