Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкі Қазақстанмен ынтымақтастықты күшейтеді

Фото: АИИБ баспасөз қызметі
Фото: АИИБ баспасөз қызметі
Қазақстан мен АИИБ Банктің Х кезекті отырысы қарсаңында тұрақты инфрақұрылымды қаржыландыру мәселесін талқылады.

"Астана" халықаралық қаржы орталығында Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкі "Тұрақты инфрақұрылым үшін қаржыны жұмылдыру" атты панельдік пікірталас өткізді. Іс-шара Бейжіңде өтетін Банктің Х жыл сайынғы жиналысының алдындағы бірқатар кездесулердің бөлігі болды, деп хабарлады банктің баспасөз қызметі. 

АИИБ-нің Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігімен және Көлік министрлігімен, сондай-ақ қаржы секторының өкілдерімен бірлесіп ұйымдастырған пікірталасы елдің тұрақты және жасыл инфрақұрылымындағы инвестициялық белсенділікті арттыру мәселелеріне арналды. Әсіресе, АИИБ-нің Қазақстанда және Орталық Азияда өзінің қатысуы мен инвестициялық қызметін кеңейтудегі рөліне, оның ішінде тұрақты инфрақұрылымдық жобаларға жеке капиталды тартуы арқылы ерекше назарға ілікті. 

Қатысушылар АИИБ және басқа да көпжақты даму банктері, коммерциялық банктер мен активтерді басқарушылар инфрақұрылым мен жасыл жобаларды қаржыландыру арқылы тұрақты және инклюзивті экономикалық өсуді ілгерілету үшін қалай бірлесіп жұмыс істей алатындарын талқылады. Мұндай серіктестіктер қажетті инвестицияны ғана емес, сонымен қатар тұрақты даму қағидаттарына жауап беретін жобаларды жүзеге асыруға ықпал ететін сараптаманы да қамтамасыз етеді. Инфрақұрылымға жауапты инвестицияның құрамдас бөлігіне айналатын ESG стандарттары айрықша назарға алынды. 

"Көпжақты даму банкі ретінде АИИБ жеке сектордың тәжірибесін Қазақстандағы мемлекеттік басымдықтарға сәйкес келтіруде маңызды рөл атқарады. Бұл тәсіл бізге елдің тұрақты экономикалық өсуі үшін қажетті инфрақұрылымдық инвестицияларды ілгерілетуге мүмкіндік береді. Қазақстан қазірдің өзінде белсенді мемлекеттік саясат пен динамикалық нарықтың арқасында инфрақұрылым мен жасыл энергетикаға инвестициялардың қарқынды өсуін көрсетуде", – деп атап өтті АИИБ-нің мемлекеттік сектор және жобалық және корпоративтік клиенттерді қаржыландыру бойынша инвестициялар жөніндегі бас директоры Константин Лимитовский.

Қазақстан Республикасы Көлік вице-министрі Сәтжан Әблалиевтің айтуынша, инфрақұрылымды тұрақты дамыту және таза энергетикаға көшу – Қазақстанның ұлттық стратегиясының негізгі бағыттары саналады. Қазақстан осы мақсаттарға жету үшін капитал мен халықаралық тәжірибені тартуға көмектесетін АИИБ қолдауын жоғары бағалайды. 

"Инфрақұрылым – тек құрылыс салу ғана емес, ол мүмкіндіктер жасау. Болашақтың инфрақұрылымы бейімделгіш және ұзақ мерзімді болуы керек және бұл инновациялық қаржыландыруды және тұрақтылықты ынталандыратын шарттарды қажет етеді. AFSA-да біз осы кезеңді жеңілдетуге міндеттенеміз. Біздің нормативтік базамыз тұрақты, ашық және инновациялық қаржылық ортаны қолдауға арналған. Жауапты қаржы мен инвестор сенімі бір-бірімен тығыз байланысты екенін мойындаймыз. Сондықтан қадағалау тәсілін күшейтуді, нарықтың тұтастығын арттыруды және жаңа қаржылық өнімдерге, әсіресе тұрақтылық пен климаттың өзгеруіне бейімделуге қатысты кеңістікті құруды жалғастырамыз", – деді AFSA бас директоры Евгения Богданова. 

Бүгінгі таңда АИИБ қоржынында Қазақстандағы жалпы сомасы 2 миллиард АҚШ долларынан асатын 7 жоба бар. Инвестициялар көлік, энергетика және денсаулық сақтау салаларына бағытталған. Негізгі жобаларға Жаңатас (100 МВт), Шоқпар (100 МВт) және Ақмола облысындағы (220 МВт) жел электр станциялары, М-32 (Ақтөбе Қарабұтақ-Ұлғайсын учаскесі) автожолын қайта қалпына келтіру, сондай-ақ 2 Транскаспий халықаралық көлік бағдарындағы Жезқазған-Қарағанды учаскесін қайта жаңарту кіреді.

Серіктестер жаңалықтары