Тікелей эфир

Азиадада Нұржан Батырбеков джиу-джитсиден чемпион атанды

Бұл – Қазақстан қоржынындағы жетінші алтын.

Ханчжоуда өтіп жатқан Азия ойындарында джиу-джитсудан қазақстандық Нұржан Батырбеков алтын медаль жеңіп алды. 69 келіге дейінгі салмақта финалда БАӘ-ден келген қарсыласы Мохаммед Аль-Сувайдиден 4:2 есебімен мықты болды.

Бұл Қазақстан құрамасының Азия ойындарындағы жетінші алтын медалі.

"Нұржанды осы жеңісімен құттықтаймын! Бүгін ол көпшілікті таң қалдырды және қуантты. Біздің спортшы жасына қарамастан керемет шеберлік пен сенімділік танытты. Алдағы уақытта да одан кем емес жоғары жетістіктерге жетуіне тілектеспін", – деді туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев.


Оқи отырыңыз: Тағы екі алтын: Зухра Ирназарова және Әсем Орынбай мен Эдуард Ещенко жұбы Азиада чемпионы атанды.


 

Серіктестер жаңалықтары