Тікелей эфир

Азаматтық штаб жалған вакцина төлқұжатын жасатқандарға рақымшылық жасауды ұсынды. Бірақ олар екпені өз ақшасына салдырады

Жалған құжат жасау бойынша 60-тан астам қылмыстық іс қозғалған.

Пандемиямен күресуге арналған Азаматтық штаб вакцина төлқұжатын сатып алғандарға "амнистия жасау" туралы бастамасын жариялады.

Вакцина салуға қатысты жалған құжат жасау бойынша 60-тан астам қылмыстық іс қозғалды. Кей азамат COVID-19 екпесіне қатысты ақпарат жеткіліксіздігінен және оның денсаулыққа кері әсері болуы мүмкін деп қорыққандықтан құжат сатып алғанын мойындады. Олар қазір вакцина салдырғысы келсе де, мәліметтер базасында салғызды деп тұрғандықтан мұны жасай алмайды. Осы орайда, Азаматтық штаб оларға рақымшылық жасауды ұсынды.

Жалған вакцина төлқұжатын сатып алғандар орталыққа келіп оны салдыра алады. Бірақ әділдікті қамтамасыз ету үшін вакцинаны тек ақылы негізде салдыратын болады. Сондай-ақ, азаматтық штаб мемлекеттің төлқұжат сататындар, вакцина жоятындар және жалған медициналық қарсы көрсетілім құжатын берген азаматтармен күресуі тиіс екенін ескертті. 


Оқи отырыңыз: Еліміздегі тегін медициналық тексеру. Ақысыз емделудің жолы қандай?


"Құрметті азамат, егер сіз қандай да бір себеппен вакцина салдырмай төлқұжат алған болсаңыз, онда емханаға келіп, кез келген қолда бар вакцинадан салдырыңыз. Сіз бұны өз денсаулығыңыз бен өміріңізді сақтап қалу үшін және жақындарыңыздың қауіпсіздігі үшін жасайсыз. Вакцинасыз сіз коронавирустың ең ауыр зардаптарынан, соның ішінде өлімнен жеткілікті деңгейде қорғала алмайсыз", — деді медицина ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі, РАМТ академигі, Қазақстан репродуктивті медицина қауымдастығының президенті, Азаматтық штабтың жетекші сарапшыларының бірі Вячеслав Локшин.

Қазақстандағы коронавирус пандемиясымен күресуге арналған Азаматтық штаб Қазақстан үкіметін коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның шеңберінде рақымшылық жасау механизмін әзірлеу үшін жұмыс тобын құруға шақырды. 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары