Тікелей эфир

"Азаматтарға арналған үкімет" басқармасының төрағасы ауысты

Бұған дейін Қаржы мониторингі агенттігі қызметкерлерінің Сүйеніш Әбділдинді ұстағаны туралы ақпарат тараған еді.

Арман Кенжеғалиев "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының басқарма төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды Цифрлық даму министрлігінің баспасөз қызметі.

Арман Кенжеғалиев Қазақ гуманитарлық заң университетін, "Қайнар" университетін және Шеффилд университетін бітірген.

Еңбек жолын 1999 жылы коммерциялық ұйымда заңгер болып бастады. Әртүрлі жылдары Әділет министрлігінде қызмет етті. 2021 жылдың 26 мамырынан бастап қазіргі тағайындалғанға дейін Цифрлық даму министрлігі аппаратының басшысы болды.


Оқи отырыңыз: "Самұрық-Қазына" қорының басшылығына Нұрлан Жақыпов тағайындалды.


Бұған дейін бұл қызметті атқарған Сүйеніш Әбділдин мемлекеттік корпорациядағы ұрлық оқиғасының "куәгері" болды. 10 наурызда әлеуметтік желілерде Қазақстан Республикасы Қаржы мониторингі агенттігінің қызметкерлері Сүйеніш Әбділдинді ұстағаны туралы ақпарат пайда болды. Оны тікелей кабинетінен алып кеткені хабарланды.

Серіктестер жаңалықтары