Тікелей эфир

Әз Жәнібек сұлтанға арнап XIV ғасырда жазылған қолжазба Ыстанбұлда табылды

Қолжазбаның ішкі мұқабасында Осман сұлтаны ІІ Баязидтің (1447-1512) мөрі қойылған.

1334 жылы Әз Жәнібек сұлтанға арнап жазылған 96 беттік қолжазба табылды, деп хабарлады Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі. 

Қолжазбада Әз Жәнібек ханның түпатасы Шыңғыс ханнан өз әкесі Өзбек ханға дейінгі ататегі қысқаша алтын нақышпен беріліп, негізгі мәтінде хикметтер туралы баяндалған. 

Қолжазбаның ішкі мұқабасында Осман сұлтаны ІІ Баязидтің (1447-1512) мөрі қойылған. 

Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Аталған тарихи мұраны ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ұйымдастыруымен «Архив-2025» кешенді жоспары аясында Түркияның Ыстанбұл қаласында өткен ғылыми-зерттеу жұмыстары барысында Орталық мемлекеттік архивінің қызметкері, қазақ ғалымы Өмірбек Қанай анықтады. 

Қазіргі таңда аса құнды қолжазбаның көшірмесі Қазақстанға жеткізіліп, әрі қарай зерттеу жұмыстары жалғасып жатыр. 


Оқи отырыңыз: Жақсылық Сәбитов "Қазақстан тарихындағы" қателіктер туралы: Ақ орда, Көшпелі өзбек мемлекеттері болған емес


 

Серіктестер жаңалықтары