Тікелей эфир

Автокөлік алаяқтары 115 адамды 1,6 миллиард теңгеге алдап кеткен

Үш күдікті ұсталды.

Астанада полицейлер 115 адамға қатысты алаяқтық жасаған үш күдіктіні ұстады. Бұл туралы қалалық полиция департаменті хабарлады.

Ұсталғандар астаналықтар мен басқа облыстардың тұрғындарына автокөлік несиесін берген. Сонымен қатар, олар Ресейге кепілге қойған көліктерін иелерінің де, банктердің де келісімінсіз сатқан.

Жәбірленушілерге келтірілген шығын көлемі 1,6 млрд теңгені құрады. Елордалық полиция департаменті тергеу үшін маңызды болуы мүмкін ақпараты бар азаматтарды құқық қорғау органдарына хабарласуды сұрайды.


Оқи отырыңыз: Алаяқтықтар саны 3000% өсті. Deepfake жасаған фото мен видеоны қалай ажыратамыз?


Ақпан айында Астанада жалған автокөлік несиесін беріп, азаматтарды алдап, ақша алған екінші күдікті ұсталды. Тергеушілердің мәліметінше, 2021-2022 жылдары қаскөйлер 231 адамды 2,9 миллиард теңгеге алдап үлгерген.

Серіктестер жаңалықтары