"Ауыл" партиясы Құрылтайға ұсынатын депутаттарын жария етті

Фото: "Ауыл" партиясы
Фото: "Ауыл" партиясы
Партия 10 депутаттық мандатқа ие болды.

«Ауыл» партиясы Саяси кеңесі Бюросының отырысы өтіп, Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттық мандаттарын иеленетін 10 кандидаттың тізімі бекітілді, деп хабарлады партияның баспасөз қызметі. 

Партия Жарғысына сәйкес Саяси кеңес Бюросы алқалы түрде мына кандидаттардың тізімін бекітті:

  • Айтуғанов Қайрат Қапарұлы
  • Байманов Шахмардан Асқарұлы
  • Бегалиева Захира Оңғарбайқызы
  • Егізбаев Серік Рахметоллаұлы
  • Иргибаев Мұрат Саматұлы
  • Каджибекова Ажар Елемесқызы
  • Киян Владимир Сергеевич
  • Мұхаметов Алмас Ерекұлы
  • Райханова Динара Қуанышқызы
  • Тоқсеитова Рабиға Әлібекқызы 

«Тиісті құжаттар заңнамада белгіленген тәртіппен тіркеу үшін Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясына жолданды. Депутаттық мандаттарды бөлу кезінде әйелдердің, жастардың және мүгедектігі бар адамдардың өкілдігіне қатысты заң талаптары сақталды. Олардың бекітілген құрамдағы жиынтық үлесі – 60%. Тізім кандидаттардың кәсіби біліктілігі мен құзыреттері ескеріле отырып жасақталды және сапалы әрі теңгерімді құрамымен ерекшеленеді. Оның құрамында аграрлық сектор, мемлекеттік басқару, ғылым, бизнес және әлеуметтік саланың өкілдері бар», – делінген ресми хабарламада. 

Атап айтқанда, жаңа құрамға агрономдар, ветеринария мамандары, ғалымдар, биотехнология саласының сарапшылары, сондай-ақ мемлекеттік басқару, әлеуметтік саясат және инклюзия саласының мамандары енді. Жаңа фракцияның басты міндеті – партияның сайлауалды бағдарламасын нақты жүзеге асыру. Депутаттар өңірлерді дамыту, азық-түлік қауіпсіздігі, инфрақұрылым, әлеуметтік саясат, білім мен ғылым, отбасы мен жастарды қолдау және экология бағыттарындағы бастамаларды ілгерілетуге күш салады. Сонымен қатар партия құрамды жаңарту және кадрлық әлеуетті күшейту жұмысын жалғастырады. 

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау