Бағдарламаға Жамбыл облысының жасы 35-тен аспаған тұрғындары қатыса алады.
Жамбыл облысының әкімдігі мен Отбасы банкі "Әулиеата жастары" тұрғын үй бағдарламасын іске қосты, деп хабарлады банктің баспасөз қызметі.
Жоба жас мұғалімдерге, дәрігерлерге, медбикелерге, мәдениет саласының қызметкерлеріне, спортшыларға, жаттықтырушыларға, журналистерге, университет оқытушылары мен ғылыми қызметкерлерге баспаналы болу үшін жеңілдетілген шарттармен ипотека алуға мүмкіндік береді.
Үміткердің жасы 35-тен аспауы керек. Бағдарламаға қатысушылардың Жамбыл облысындағы ресми жұмыс өтілі өтініш берген кезде соңғы 12 айдан кем болмауы тиіс. Табысы да ескерілетін болады. Отбасының әрбір мүшесі үшін ол 3,9 ең төменгі күнкөріс деңгейінен астауы керек (1 КМ – 37 389 теңге). Сондай-ақ, бағдарламаға қатысушы мен оның отбасы мүшелерінің соңғы 5 жыл ішінде жылжымайтын мүлкі болмауы керек.
Қазіргі таңда облыстың 35 жасқа дейінгі 7 140 тұрғыны баспана кезегінде тұр. 2021 жылы мемлекеттік бағдарлама бойынша 318 жас азамат жеке пәтер алуға мүмкіндік алды. Биыл "Әулиеата жастары" бағдарламасы қолжетімді шарттармен тұрғын үй алудың тағы бір қосымша құралына айналады.
Оқи отырыңыз:
- Әкімдіктен – 5 пайыздық ипотека. Өңірлік тұрғын үй бағдарламаларына шолу
- Жамбыл облысының жастарына 5 пайызбен ипотека беріледі
Жаңа тұрғын үй бағдарламасына қатысу туралы өтінімдерді қабылдау www.e-jambyl.kz порталында 20 шілде күні басталып, 30 шілдеге дейін жалғасады.
Өтінімдерді қабылдау аяқталғаннан кейін қатысушылардың тізімі жасалып, Отбасы банкіне жіберіледі. Банкте үміткер төлем қабілеттілігін тексеріп, нарықтан пәтер табуы қажет. Баспананы алғашқы немесе екінші нарықтан және "Қазақстан тұрғын үй компаниясы" АҚ кепілдігімен салынып жатқан нысандардан сатып алуға болады.
- Тұрғын үй сатып алуға Отбасы банк 13 млн теңгеге дейін несие береді (егер мүліктің құны одан асатын болса, сатып алушы айырмашылықты өз қаражаты есебінен төлей алады).
- Бастапқы жарна – 5%.
- Несие бойынша сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 5% (ЖТСМ 5,2%).
- Несиенің төлем мерзімі – 19 жылға дейін.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1📣 Республикалық "Үздік педагог" байқауына енді жекеменшік мектеп мұғалімдері де қатыса алады
-
273
-
0
-
0
-
-
2🐻Шымкенттегі зообақта қонжық дүниеге келді
-
250
-
0
-
4
-
-
3🌊 Каспий теңізі арқылы есірткі тасымалдап жүргендер ұсталды
-
232
-
0
-
0
-
-
4⚡️Елена Рыбакина АҚШ-тағы WTA 1000 турнирінің финалына шықты!
-
238
-
0
-
6
-
-
5ҰҚК шекара қызметіне 150 адам әскери жиындарға шақырылады 🫡
-
232
-
0
-
0
-
-
6📉 Алматы облысында тауарлық газ тарифі төмендетілді
-
234
-
0
-
0
-
-
7📣 1 сәуірде жүлдеге Ұмра қажылығына жолдама беретін мүшәйраға өтінім қабылдау басталады
-
229
-
0
-
0
-
-
8💸 Қазақстанда азық-түлік қымбаттады
-
224
-
0
-
0
-
-
9📣 Қандастар мен шетел азаматтарына арналған оқу грантына құжат қабылдау басталды
-
217
-
1
-
1
-
-
10❕ Қазақстанда жыл басынан бері мыңнан аса еңбек заңнамасы бұзылған
-
218
-
0
-
0
-