Алайда Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Ауғанстан қазақтарының қашан, қалай және қаншасы көшірілетінін хабарламай отыр.
31-арна тілшілері Ауғанстанның Мазари-Шариф қаласында тұратын бір топ қазақтармен байланысқа шықты. Олардың айтуынша, қаланың өзінде ең кемі 70 этникалық қазақ Қазақстанға көшуге дайын отыр. Бұл туралы арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы хабарлады.
Ауғанстан қазақтары Мазари-Шарифтен 427 шақырым қашықтықтағы Кабулдағы елшілікке өз бетімен барайын десе, қаруланған талибан жасақтарынан қорқады.
"Біз Ауғанстанда, соғыс ішінде қалып кеттік. Қазақстанға баруға мұқтаж болып отырмыз", – дейді Ташболат есімді этникалық қазақ.
Соңғы екі тәулікте Кабулдағы Қазақстан елшілігіне этникалық қазақпыз деген азаматтар барып жатыр. Елшіліктен бөлек, "Отандастар" қорының қызметкерлері де Ауғанстан қазақтарының құжаттарын рәсімдеуге көмектесуге кірісті. Бірақ, қанша қазақты қашан, қалай және қай жерге көшіріп әкелетіні әзірге белгісіз. Арна тілшілері Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінен жауап ала алмады.
Материалдың толық нұсқасын төмендегі видеодан көріңіз:
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1Түркістан облысында ірі жасырын есірткі бизнесі мен зертханасы анықталды
-
319
-
0
-
3
-
-
2🚑 Қазақстан өңірлік онкоорталықтарға заманауи жабдықтар сатып алады
-
293
-
0
-
0
-
-
3📣 Бүгін сағат 10:00-де Парламенттің VIII шақырылымының бірінші сессиясы өтеді
-
275
-
0
-
0
-
-
4⚡️Қасым-Жомарт Тоқаевтың парламенттің бірінші сессиясы ашылуындағы сөзі басталды
-
265
-
0
-
0
-
-
5⚡️Президент сөзінен үзінді:
-
269
-
1
-
4
-
-
6⚡️Қазақстан үкіметі өкілеттігін доғарады
-
259
-
0
-
0
-
-
7⚡️Президент сөзінен үзінді:
-
257
-
0
-
2
-
-
8⚡️Президент: партияларға, үміткерлерге бірдей мүмкіндік берілді
-
248
-
0
-
2
-
-
9⚡️Президент: Биыл алғаш рет 45 аудан және облыстық маңызы бар қала әкімдерін тікелей сайлау өтеді
-
242
-
0
-
2
-
-
10⚡️Президент: алдағы бес жыл ел тағдыры шешілетін маңызды кезең болмақ
-
246
-
0
-
0
-