Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінің хабарлауынша, қоқиқаздар демалыс орны ретінде Атыраудың шетіндегі мұнай өңдеу зауытының маңында орналасқан «"Тухлая балка" алаңын таңдаған.
Қазір бұл жерде әкімдік пен "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы Атырау қаласының экологиялық жағдайын жақсартуға бағытталған Tazalyq экологиялық жобасын жүзеге асыруда. Орнитологтардың пікірінше, бұл жерге қоқиқаздардың қонуы экологиялық мәселе жоқ екендігін білдіреді.
"Қоқиқаздардың осында ұшып келуіне қарағанда, құстар сол жерде қоректенеді. Демек, ол жерде қоқтқаздар қоректенетін өсімдіктер мен микроағзаларға өмір сүруге мүмкіндік беретін микробиологиялық процестер жүріп жатыр", – деді «Ақ Жайық» мемлекеттік табиғи қорығындағы Ғылым және мониторинг бөлімінің ғылыми қызметкері, орнитолог Илья Бофонов.
Оқи отырыңыз: Құстардың ұшақтарға соғылуы: Жануарлардың мінез-құлқын зерттейтін комитет құрылады.
Бұл жерде Қызыл кітапқа енген жабайы құстардың келуі – булану алқаптарындағы экологиялық жағдайдың жақсарғанының белгісі болуы мүмкін.