Атырауда үш жаңа "Келешек мектебі" алғашқы оқушыларын қабылдады

Фото: Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Фото: Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Білім күні Атырау облысында жаңа "Келешек мектептері" пайдалануға берілді.

600 орындық екі мектеп Құрманғазы ауданының Құрманғазы және Ақкөл ауылдарында, ал 1200 орындық білім ошағы Жылыой ауданының Құлсары қаласында орналасқан.

Құрманғазы мен Ақкөл ауылдарындағы мектептердің құрылысы 2023 жылы "Келешек мектеп" ұлттық жобасы аясында басталған. Бүгінде қос нысан да толық аяқталып, жаңа оқу жылында оқушыларға есігін ашты. Мердігер – "Каспий Құрылыс ЛТД" ЖШС.

Фото: Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

"Құрманғазы және Ақкөл ауылдарындағы бұрынғы мектептерде оқушы саны жобалық қуатынан әлдеқайда асып кеткен болатын. Жаңа мектептердің іске қосылуы орын тапшылығын азайтып қана қоймай, балалардың заманауи, қауіпсіз әрі жайлы ортада білім алуына мүмкіндік береді", – деді Құрманғазы ауданының әкімі Абат Жанғалиев.

Ал Құлсарыдағы жаңа мектеп бір ауысымда 1200 оқушыны қабылдауға арналған. Білім ордасында STEM және робототехника кабинеттері, IT-сыныптар, шығармашылық шеберханалар, спорт залдары жұмыс істейді. Сонымен қатар мұнда инклюзивті білім беруге және оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қажетті жағдай жасалған.

Фото: Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Жылыой ауданының әкімі Жұмабек Қаражанов жаңа мектептің іске қосылуы Құлсарыдағы білім беру инфрақұрылымын жаңғыртуға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Биыл Атырау облысындағы мектептерде 155 мыңнан астам оқушы білім алуға кірісті. Оның 15 мыңнан астамы – бірінші сынып оқушылары.

Фото: Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Айта кетейік, "Келешек мектептері" ұлттық жобасы аясында Атырау облысында 9 мектеп салу жоспарланған. Қазір олардың барлығы пайдалануға берілді. Оның алтауы Атырау қаласында, үшеуі Құрманғазы және Жылыой аудандарында орналасқан.

Бұдан бөлек, өңірде тағы 14 мектептің құрылысы жүріп жатыр. Биыл оқу жылы басталғанға дейін облыста 10 жаңа мектеп пайдалануға берілді.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау