Тікелей эфир

Атырауда туған әкесі егіз баласын зорлады деген күдікке ілінді

Ұл мен қыз 3,5 жаста.

Атырауда егіздердің әкесі балаларға сексуалдық зорлық көрсетті деген күдікке ілінді. Бұл туралы облыстық полиция департаменті хабарлады.

Ведомствоның хабарлауынша, тергеу 2023 жылдың қараша айынан бері жүргізілуде. Бірақ болуы мүмкін қылмыс енді ғана белгілі болды. Қазір тергеу қосымша кешенді сот-медициналық сараптамасын тағайындады.

"Прокуратурамен жұмыс істеп жатырмыз. Балалардың анасымен байланыстамыз. Іс бойынша барлық қажетті тергеу-жедел іс-шараларды жүргізіп, тиісті сот-медициналық сараптамалар жүргіздік (Қазіргі уақытта қосымша комиссиялық сот-медициналық сараптама тағайындалды). Астанада мамандарды тарта отырып, оның қорытындысы бойынша іс бойынша заңды процессуалдық шешім қабылданады", – деді Балалар құқықтары жөніндегі уәкілі Динара Зәкиева.


Оқи отырыңыз: Атырау облысында өрт салдарынан екі бала қаза болды


Атырау облыстық полиция департаменті ҚР Қылмыстық кодексінің 121-бабы («Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттер») бойынша тергеу жүріп жатқанын түсіндірді. Күдікті өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Серіктестер жаңалықтары