Келісім аясында бірқатар ірі нысандарда кітап бұрыштарын ашу жоспарланып отыр. Атап айтқанда, "Steppe and world" баспа үйі Syilyq сауда-ойын-сауық орталығы-мен, "Көкжиек-Горизонт" ЖШС Тамаша сауда-ойын-сауық орталығы-мен, "Мазмұндама" баспасы Насиха сауда үйі-мен серіктестік орнатты. Сонымен қатар "Sana Publishing" баспасы Атырау сауда-ойын-сауық орталығы базасында өз өнімдерін ұсынатын болады.

Жоба шеңберінде отандық баспалардың кітаптары тұрақты түрде сауда орындарына қойылып, сатылымға шығарылады. Бұл өз кезегінде оқырмандарға сапалы әдебиетті оңай табуға мүмкіндік беріп қана қоймай, қазақстандық авторлар мен баспалардың еңбегін кеңінен насихаттауға жол ашады.

Мамандардың айтуынша, мұндай формат кітап дүкендерінен бөлек, күнделікті баратын орындарда әдебиетті қолжетімді ету арқылы оқырман санын арттыруға ықпал етеді.
USD:
462.9 / 465.7
EUR:
543.5 / 548.5
RUB:
6.01 / 6.13