Атырауда пранк мақсатында қызды "күштеп алып қашқан" блогерлер жазаланды

Фото: Karl-Josef Hildenbrand/dpa/picture alliance
Фото: Karl-Josef Hildenbrand/dpa/picture alliance
Әрқайсысына 78 640 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.

Атырауда пранк жасау мақсатында "қыз алып қашқан" блогерлер жауапқа тартылды.

Қалалық әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының мәліметінше үш блогерге "Ұсақ бұзақылық" бабы бойынша айып тағылған.

"Олар 2025 жылғы 14 қазанда Атырау қаласындағы дәмхананың алдында, қоғамдық орында қоғамдық тәртіпті бұзып, алдау-қалжың (пранк) бейнежазбасын түсіру мақсатында қызды күштеп көлік құралына отырғызып, жеке тұлғалардың тыныштығын бұзып, аұсақ бұзақылық жасаған", – деп жазылған хабарламада.

Блогерлердің кінәсі әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалармен, фотосуретпен, бейнежазбамен және басқа да материалдармен толық дәлелденді.

Сот үкімімен құқық бұзушылар әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, әрқайсысына 78 640 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды. Сот қаулылары заңды күшіне енген жоқ.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары