USD: 483.9 / 486.9
  • EUR: 563.0 / 568.0
  • RUB: 6.35 / 6.49
Тікелей эфир
Алматы +25C
Все города

Атырауда Мемлекеттік рәміздер күні салтанатты түрде аталып өтті

Атырауда Мемлекеттік рәміздер күні салтанатты түрде аталып өтті
4 маусым – ҚР Мемлекеттік рәміздер күні.

Бұл мереке ел егемендігін айқындайтын басты нышандар – Ту, Елтаңба және Әнұранның мән-маңызын дәріптейді.

Осы орайда Атырау қаласындағы Мемлекеттік рәміздер алаңында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын көтеру рәсімі өтті. Салтанатты іс-шараға облыс әкімі Серік Шәпкенов, депутаттар, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының өкілдері, ардагерлер, жастар мен қала тұрғындары қатысты.

Мерекелік жиынға жиналған жұртшылық Әнұранды бірге шырқады.

Өңір басшысы Серік Шәпкенов мемлекеттік рәміздердің елдік рухты нығайтудағы және отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастырудағы ерекше рөлін атап өтті.

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев рәміздердің халқымызды ортақ мақсаттарға жұмылдырып, ұлттық рухты асқақтатудағы рөлін әрдайым айрықша атап айтып келеді. Рәміздерді құрметтеу – Отанға деген құрметтің белгісі. Еңбектеген баладан еңкейген қарияға дейін мемлекеттік нышандарымызды қастерлей білсе, елге деген шынайы сүйіспеншіліктің бір көрінісі сол болмақ. Көк Туымыз әрдайым биікте желбіреп, Әнұранымыз жас ұрпақты жігерлендіре берсін! Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын"! – деді облыс әкімі.

Мерекелік іс-шара өңірдің шығармашылық ұжымдары дайындаған концерттік бағдарламамен қорытындыланды.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз