USD: 467.7 / 470.1
  • EUR: 534.0 / 539.0
  • RUB: 5.61 / 5.73
Тікелей эфир
Алматы +20C
Все города

Атырауда каратэден ҚР чемпионатының ашылу салтанаты өтті

Атырауда каратэден ҚР чемпионатының ашылу салтанаты өтті
Каратэден (WKF) Шито-рю стилі бойынша Қазақстан чемпионаты салтанатты түрде ашылды.

Сайыс республика құрамасын жасақтау мақсатында ұйымдастырылып отыр. Биылғы додаға еліміздің 15 облысынан 800-ге жуық спортшы қатысуда,- деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі. 

Салтанатты рәсімде Атырау облысы әкімінің орынбасары Дарын Шамұратов құттықтау сөз сөйлеп, чемпионаттың ашылғанын жариялады.

"Спортпен шұғылданудың басты қағидаты – деннің саулығы. Денсаулық – өмірдің өзегі. Осындай спорттық сайыстар арқылы еліміздің намысын қорғап, биік жетістіктерге жету – әрбір спортшының абыройлы міндеті. Бүгінгі жас спортшылар – ертеңгі ел намысын биіктететін азаматтар. Бұл жарыс – олардың шыңдалуына үлкен мүмкіндік. Қатысушыларға сәттілік тілеймін",– деді ол.

Жарыс 10 жастан бастап ересектерге дейінгі барлық жас санатын қамтиды. Бәсекелер 31 қазан мен 3 қараша аралығында өтеді.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау