USD: 465.3 / 467.9
  • EUR: 536.0 / 541.0
  • RUB: 5.35 / 5.47
Тікелей эфир
Алматы +31C
Все города

Атырауда Абай мұрасын ұлықтаған әдеби-сазды кеш өтті

Фото: Атырау өңірлік коммуникациялар қызметі
Фото: Атырау өңірлік коммуникациялар қызметі
Шараға қатысушылар Абай ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, ұлы ақынның рухына тағзым етті.

Атырауда қазақтың бас ақыны, ұлы ойшыл әрі ағартушы Абай Құнанбайұлының туған күніне орай "Абай мұрасы – ұлт қазынасы" атты әдеби-сазды мәдени іс-шара өтті. Жиынға өңір тұрғындары мен қала қонақтары қатысып, ұлы ақынның шығармашылығына арналған тағылымды бағдарламаны тамашалады, деп хабарлады Атырау өңірлік коммуникациялар қызметі.

Іс-Шара Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театры актерлерінің қатысуымен дайындалған театрландырылған поэтикалық прологпен басталды. Сахналық қойылымда Абайдың өмір жолы мен ағартушылық қызметі, ақынның өлеңдері мен қара сөздеріндегі тағылымы көркемдік шешім арқылы көрерменге ұсынылды.

Фото: Атырау өңірлік коммуникациялар қызметі

Мерекелік жиында Атырау облысы әкімінің орынбасары Дарын Шамұратов жиналған қауымды Абай күнімен құттықтап, ұлы ақын мұрасын дәріптеудің бүгінгі қоғам үшін маңызына тоқталды.

"Абай қазақ руханиятының шамшырағы, темірқазығы. Алаштың сол темірқазығы биікте жарқырап жүруі үшін, ақсақалдарымыздан бастап, кейінгі ұрпақ Абай өркениетін дамытуға еңбек ету керек. Келер ұрпақтың бойына кемелділікті сіңіріп, ұлы ақын армандаған жақсы қоғамды қалыптастыруға жұмыла атсалысуымыз қажет", – деді Дарын Шамұратов.

Бұдан кейін іс-шараға қатысушылар Абай ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, ұлы ақынның рухына тағзым етті.

Фото: Атырау өңірлік коммуникациялар қызметі

Әдеби-сазды кеш облыстық филармония өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласты. Көрермен назарына Абайдың әндері, күйлер мен ақын шығармалары негізіндегі поэзиялық композициялар ұсынылды.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау