Қалалық перзентханадағы № 80 учаскеде 90 ана дауыс беруге тіркелген.
Атырау қалалық перзентханасында жас босанған аналар дауыс берді. Қазір мұнда 90 ана жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Атырау қалалық перзентханасындағы № 80 учаскеде 90 ана дауыс беруге тіркелген. Жергілікті уақытпен сағат 07:00-де бірінші болып Гаухар Бұзаубекова дауыс берді. Ол осы перзентханада үшінші сәбиін 9 жылдан соң босаныпты.
Перзентханадағы референдум комиссиясы Гаухар Бұзаубековаға бала күтіміне арналған жиынтықты сыйға тартты. Сондай-ақ, тұңғышын өмірге әкелген Кәмшат Қайратова да перзантханадағы учаскеде өз таңдауын жасады.

"Мен бүгін дәрігерлердің көмегімен тұңғышымды дүниеге әкелдім. Дәл бүгін елімізде отандастарым тарихи таңдауын жасайтын ең елеулі күні өмірге келген тұңғышымның болашағы жарқын боларына сенемін", – деді Кәмшат Қайратова.
Оқи отырыңыз: Алматы әкімі әйелімен бірге референдумда дауыс берді
Еске салсақ, референдумға 11 миллионнан астам қазақстандық қатыса алады.
Қазақстан азаматы ЖСН нөмірі арқылы өзінің учаскесін таба алады. Ал табылмаған жағдайда, ақпарат ресурсының соңында әкімдіктердің call орталығының тізімі шығады. Солардың біріне хабарласып, қайда барып дауыс беру керегін білуге болады.
Референдумға қатысушыларға бір ғана сұрақ қойылады. Ол – "2022 жылғы 6 мамырда бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған Конституцияға өзгертулер мен толықтырулармен келісесіз бе?".
Өзгерістер топтамасын қолдап, не қарсы болып жауап беруге болады. Егер қатысушылардың 50 пайыздан астамы дауыс берсе, референдум өткізілді деп танылады. Ал өзгертулерді қабылдау үшін референдум қатысушыларының 50 пайыздан астамы қолдап дауыс беруі керек.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1📣 Республикалық "Үздік педагог" байқауына енді жекеменшік мектеп мұғалімдері де қатыса алады
-
304
-
0
-
0
-
-
2🐻Шымкенттегі зообақта қонжық дүниеге келді
-
276
-
0
-
5
-
-
3🌊 Каспий теңізі арқылы есірткі тасымалдап жүргендер ұсталды
-
257
-
0
-
0
-
-
4⚡️Елена Рыбакина АҚШ-тағы WTA 1000 турнирінің финалына шықты!
-
262
-
0
-
6
-
-
5ҰҚК шекара қызметіне 150 адам әскери жиындарға шақырылады 🫡
-
257
-
0
-
0
-
-
6📉 Алматы облысында тауарлық газ тарифі төмендетілді
-
260
-
0
-
0
-
-
7📣 1 сәуірде жүлдеге Ұмра қажылығына жолдама беретін мүшәйраға өтінім қабылдау басталады
-
254
-
0
-
0
-
-
8💸 Қазақстанда азық-түлік қымбаттады
-
259
-
0
-
0
-
-
9📣 Қандастар мен шетел азаматтарына арналған оқу грантына құжат қабылдау басталды
-
256
-
1
-
1
-
-
10❕ Қазақстанда жыл басынан бері мыңнан аса еңбек заңнамасы бұзылған
-
260
-
0
-
0
-