Тікелей эфир

Атырау облысында заң бұзушылықтарды жою бойынша жедел жұмыс жолға қойылған

depositphotos.com
depositphotos.com
Жыл басынан бері 70-ке жуық арыз-шағым қаралып, 30-ға жуық азаматтың құқығы қалпына келтірілді.

Мемлекет басшысының Жарлығымен бекітілген Қазақстанның ұзақ мерзімді даму стратегиясын іске асыру үшін әзірленген Ұлттық даму жоспарында дамудың жаңа моделінде мемлекеттік мүдделер азаматтың айналасында тоғысатындығы айқындалып, оны қалыптастыру игіліктер мен міндеттерді әділ бөлу, адами капиталды дамыту, мемлекеттің негізделген шешімдер қабылдауы және олар үшін қоғам алдындағы жауапкершілік секілді 7 негізгі қағидатқа негізделген.

Осы тұста, мемлекеттік қызмет саласындағы уәкілетті орган – ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментімен мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау бағыты бойынша жыл басынан бастап 70-ке жуық арыз-шағым құзыреті шегінде қаралып, нәтижесінде 30-ға жуық азаматтың құқығы қалпына келтірілген.

Бұл туралы департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Ерлан Ермаханбетов сұхбат барысында атап өтті.

"Департамент қызметінде заңдылық, ашықтық, азаматтар құқықтарының, бостандықтарының және заңды мүдделерiнiң мемлекет мүдделерi алдындағы басымдығы қағидатарына негізделген. Азаматтардың арыз-шағымдарын мейілінше олардың сұраныстарына бағдарлана отырып жылдам қарауға жұмыс жасайды. Сондай-ақ, мемлекеттік органдарға азаматтарды әуре-сарсаңға салуға, төрешілдіктерге жол беруден алдын-алу бойынша уәкілетті органдармен бірлесе іс-шаралар өткізіліп келеді", – деді ол. 

Мәселен, департамент азаматтың шағымын қараумен психоневрологиялық есепте тұратын әпкесінің мүгедектік тағайындау үшін құжаттар жинақтау барысында тиісті мекеме, емхананың тарапынан ұзақ уақыттар бойы әуре сарсаңға салынғанын анықтап, жедел ден қою шараларымен азаматтың психоневрологиялық есепте тұратын әпкесіне мүгедектік тағайындап, құқықтарын қалпына келтірген. 

Сондай-ақ, азаматтың мемлекеттік органдағы бос лауазымына жарияланған конкурсқа біліктілік талаптарының білімі бойынша сәйкес келуіне қарамастан конкурсқа жіберілмеу фактісі тіркеліп, нәтижесінде азаматтың бұзылған құқығын қалыпқа келтіру бойынша тиісті шаралар қабылданған.

Бұдан бөлек, арыздарды қарау қорытындысымен Құрманғазы ауданының ауылдық округтері әкімдерінің тарапынан ресми мінез-құлықтың сақталмағандығы, өзі өкіл болып отырған мемлекеттік органға сын келтіргені және азаматтар мен әріптестеріне қарым-қатынаста әдептілік қағидаттарын сақтамағандығы расталып, олар тәртіптік жазаларға тартылған. 

Сонымен қатар, мемлекеттік орган қызметшісінің негізсіз лауазымы төмендетілу фактісі бойынша шаралар атқарылып, қызметкердің өз лауазымына орналастырылып, құқығы қалпына келтірілген.

Айтылғандардан өзге тиісті мемлекеттік органмен бірқатар қатардағы қызметшілердің қызметін атқаруға қызметтік қажеттіліктермен қамтамасыз етілмегендігі анықталып, енгізілген ұсыныс нәтижесінде оларға тиісті қажеттіліктерінің заңнама шеңберінде беріліп, құжаттамаларының жасақталуына ықпал етілген.

Атап өту қажет, заңнамалық толықтырулар мен өзгерістерге сәйкес, мемлекеттік қызмет саласындағы уәкілетті органның ҚР Мемлекеттік қызметін дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған концепциясы бекітілген. Осы тұжырымдамада мемлекеттік қызметті кәсібилендіру тетіктерін көрсете отырып, сервистілік және клиентке бағдарлану қағидаттарына негізделген моделін қалыптастыру бағытында нақты жоспарлар айқындалған.

Ендігі уақытта департаменттің алдында осы тұжырымда аясында да бірқатар шараларды атқару жұмыстары көзделген.

Серіктестер жаңалықтары