Тікелей эфир

Атырау облысында 202 адам қызылша жұқтырды

Оның басым бөлігі – 14 жасқа дейінгі балалар. Ал 19 адамнан алынған сынама әлі зерттеліп жатыр.

Атырауда 202 тұрғын қызылшамен ауырып жатыр. Бұл туралы 24.kz хабарлады. 

Оның басым бөлігі – 14 жасқа дейінгі балалар. Ал 19 адамнан алынған сынама әлі зерттеліп жатыр.

Мамандардың айтуынша, қызылша жұқтырғандардың 10 пайызы ғана екпе салдырған. Ал қалғаны – вакциналаудан бас тартқандар мен уақытында екпе алмағандар. Қазір науқастармен қарым-қатынаста болғандар тексеріліп жатыр.

"Өңірде қызылша ауруының өршуі кейінгі рет 2019 жылы тіркелді. Сол кезде 774 науқас анықталды. Ал кейінгі екі жылда қызылша ауруы тіркелген жоқ", – делінген ақпаратта. 

Облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті бөлімінің бас маманы Гүлдана Бейсенбайқызының айтуынша, денеге бөртпе шыққаннан кейін төрт күн мен 28 күн ішінде қан сынамасы зертханаға апарылады. 

"Сол зертхана растайды. Расталса, біз есепке аламыз. Қызылша кезінде індетке қарсы шаралар жүргізілетін бұйрық бойынша қарым-қатынаста болған адамдарды учаскелік медициналық ұйым тарапынан бақылауға алынады. Үйінде екпе алмаған адамдарға вакцина егіледі", – деді Гүлдана Бейсенбайқызы.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары