Президент бұған өте төмен көрсеткіш деп баға берді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Атырау облысының жұртшылығымен кездесуде Жоғары білімнің қолжетімді болуы, білім сапасын арттыру, жаратылыстану және техникалық бағыттағы университеттерді күшейту аса маңызды екеніне тоқталды.
"Мен қыркүйектегі өз Жолдауымда осыған қатысты бірқатар міндет жүктедім. Менің бастамаммен Атырауда Ресейдің Губкин атындағы мұнай-газ университетінің филиалы ашылды. Аталған университеттің түлектеріне еңбек нарығында сұраныс көп болады деп сенемін", – деді президент.
Оқи отырыңыз: Президент Атырауда мұнай қоймасын салуды тапсырды
Мемлекет басшысы, сондай-ақ, облысқа бөлінген білім гранттарының толық игерілмейін сынға алып, бұл мәселе бойынша ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізуді тапсырды.
"Менің тапсырмаммен Қазақстанның іргелі жоғары оқу орындарында білім алу үшін батыс аймағындағы жастарына 10 мың грант бөлінді. Бірақ, осы гранттармен оқуға түскен бала көп емес. Мен бұл туралы кеше Ақтауда да айттым. Атырау облысына бөлінген 4 мың гранттың 800-ге жуығы ғана игерілген. Бұл – өте төмен көрсеткіш. Әкімдік құзырлы министрліктермен бірлесіп, осы мәселе бойынша ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізуі қажет", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1🚒 Павлодар облысында макулатура тиеген жүк көлігі жанып кетті
-
267
-
0
-
0
-
-
2📲 Шығыс Қазақстанда биыл 73 ауылда мобильді интернет жылдамдығы артады
-
245
-
0
-
1
-
-
3🏋️♀️ Қазақстанда спорт мектебінің жаттықтырушы-оқытушыларына қосымша ақы төлене бастады
-
257
-
0
-
0
-
-
4⏳ Барлық ХҚКО-да бірнеше қызметке өтініш қабылдау уақытша тоқтатылады
-
258
-
0
-
2
-
-
5⛔️ "1971 жылдан бері күрделі жөндеуден өтпеген". Алматы облысында ауылды жағалай өтетін канал көптің үрейін ұшырып отыр
-
261
-
0
-
1
-
-
6✈️ "Жанармай үшін әр билеттен ақы алған". Air Astana-ға 6,7 млрд теңге айыппұл салынды
-
260
-
0
-
3
-
-
7💵 "Бірнеше айға созылып кетеді". Асхат Аймағамбетов әлеуметтік саладағы мемлекеттік сатып алу рәсімдерін сынға алды
-
245
-
0
-
1
-
-
8💰 Еңбек министрлігі ең төменгі жалақыны айқындау әдістемесін өзгертпек
-
257
-
0
-
0
-
-
9🐶 Тазы мен төбеттің қазақы ит тұқымдары екенін халықаралық тұрғыда ресми бекіту қажет – Кинологтар одағы
-
243
-
0
-
2
-
-
10🚧 Сарапшы: 2030 жылы сұранысқа ие болатын жұмыс орындарының 85%-ы әлі пайда болмады
-
240
-
0
-
0
-