Тікелей эфир

Атырау маңындағы 180 шаруа қожалығын су басу қаупі төніп тұр

Қауіпті аймақтарда 24 сағаттық вахта ұйымдастырылды.

Атырау қаласының маңында Қайыршақты, Еркінқала, Алмалы ауылдық округтері аумағында және облыс орталығындағы 180 шаруа қожалығын су басу қаупі төніп тұр, деп хабарлады облыстық жедел штаб.

Атырау қаласының іргесінде барлығы 265 шаруа қожалығы бар. Олардың 37-сін, жалпы ауданы 3120 гектар жерді су басқан, бірақ тұрғын үйлерге зақым келген жоқ. Жануарлардың өлімі тіркелмеген. "Алтын сазан" мәдениет үйі мен "Адай" дүкенін су басты.

"Су басқан шаруа қожалықтарының барлық малдары қауіпсіз аймаққа шығарылды. Қиын жағдайда қалған шаруа қожалықтарына құрылыс, техника, малға қажетті жем-шөп, жанар-жағармай, техника, бөгеттерді нығайту бойынша көмек көрсетілуде", – деді Атырау қаласы әкімінің орынбасары Нұржан Ермұханов.


Оқи отырыңыз: Су тасқыны салдары: Құлсары тұрғындары мал үшін өтемақыны мамырдың соңына дейін алады


Қауіпті аймақтарда 24 сағаттық вахта ұйымдастырылды. Зардап шеккен шаруаларға өтемақы төлеу үшін шығынды есептейтін арнайы қалалық комиссия айналысады.

Серіктестер жаңалықтары