TikTok жасөспірімдердің қолдану уақытын шектеу және ата-аналарға бақылау мүмкіндігін арттыру үшін жаңа функцияларды іске қоспақ. Атап айтқанда "Отбасылық баптаулар" бөлімінде "Демалыс" функциясы пайда болады. Ол арқылы ата-ана баласының TikTok қарау уақытын басқара алады. Сондай-ақ, баласының кімдерді қарап жүргенін, кімді бұғаттағанын және парақшасына кімдердің жазылғанын бақылай алады.
Сонымен қатар TikTok сағат 22:00-ден кейін жасөспірімдерге арнайы ескерту жүйесін енгізеді. Егер бала ескертуден кейін де қосымшаны қолдана берсе, толық экранды хабарлама пайда болады. Ал түнгі уақытта пуш-хабарламалар жіберілмейді.
Қазіргі таңда TikTok ата-аналарға арналған 15-тен астам қауіпсіздік параметрлерін ұсынады, оның ішінде экран уақытын шектеу және жасөспірімнің аккаунтын жекеге ауыстыру мүмкіндігі бар.
lw-3094948329-1
USD:
505.9 / 509.9
EUR:
589.5 / 595.5
RUB:
6.31 / 6.45