5 тамыз күні мемлекеттік білім грантын иеленгендердің тізімі жарияланған болатын.
Бұрынғы ҚР Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов мемлекеттік білім грантын жеңіп алмағандарға не істеуге болатынын айтты. Асхат Аймағамбетовтың сөзінше, әлі де грантты жеңіп алуға мүмкіндік бар.
"Неге? Біріншіден, игерілмеген бірнеше мың грант қайтадан үлестіріледі. Яғни грант алған талапкерлерден кейін тұрған талапкерлерге ҰБТ-да жинаған ұпай санына сәйкес беріледі. Соны күтуге болады. Екіншіден, әкімдіктердің гранттары бар. Бірнеше мың грант жергілікті бюджеттен бөлінеді. Үшіншіден, "Қазақстан халқына" қорының гранттары тағы бар. Төртіншіден, кейбір талапкерлер түрлі себеп бойынша жеңіп алған гранттарынан бас тартады. Олардың саны да аз болмайды. Ол гранттар да қайта тағайындалады. Бесіншіден, тіпті ештеңе болмаса, университетке ақылы түрде түсіп, кейін жақсы оқып, GPA жоғары болса, білім алу кезінде босаған бос грантты ұтып алуға болады. Алтыншы, "gap year" арқылы бір жыл дайындалып, қайтадан ҰБТ тапсырып, грантты жеңіп алуға болады. Ол менің өз басымнан өткен оқиға. Бұл да жақсы шешім", – деді ҚР парламент мәжілісінің депутаты.
Оқи отырыңыз: Мемлекеттік білім гранттары иегерлерінің тізімі жарияланды
Мұнымен қатар депутат колледжге түсуді ұсынды. Айтуынша, колледжде грант көп, қажетті мамандықтар бойынша колледж бітіргендер нарықта тапшы.
"Керек болса, кейін әрі қарай ЖОО-ға түсіп, қысқа мерзімде жоғары білім алып шығуға да болады. Көріп отырғандарыңыздай мүмкіндіктер өте көп. Бәрі алда. Толық мәлімет алу үшін университеттердің қабылдау комиссиясына жолығу керек", – деді Асхат Аймағамбетов.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1🇰🇿🇹🇬 Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 27-28 қарашада Того Республикасының Президенті Фор Эссозимна Гнассингбе Қазақстанға ресми сапармен келеді
-
228
-
0
-
1
-
-
2🛥🛢 Ақтау теңіз портына мұнай тасымалдайтын жаңа танкерлер әкелінді
-
222
-
0
-
0
-
-
3🇫🇷🎤 Франция балалар арасындағы «Евровидениеде» жеңіске жетті
-
236
-
0
-
4
-
-
4⚡ Полиция жаңа туған сәбилерді сату фактілерін анықтады
-
219
-
0
-
0
-
-
5♟🥈🥉Монтесильванода (Италия) аяқталған шахматтан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан бір күміс, екі қола медаль иеленді
-
249
-
0
-
0
-
-
6⚠️ Қазақстанда газбен жүретін көліктерге арнайы белгі жапсыру міндеттеледі
-
290
-
0
-
0
-
-
7Бір жыл ішінде Тоқаев 19 елге сапар жасаған
-
197
-
1
-
1
-
-
8🌨️ Мәскеуде кейінгі 40 жылда болмаған қар жауды
-
174
-
0
-
3
-
-
9🗣ХАМАС кепілге алған адамдардың төртінші тобы босатылды
-
171
-
0
-
0
-
-
10🇰🇿🇹🇬 «Ақорда» резиденциясында Қазақстанға ресми сапармен келген Того Республикасының Президенті Фор Эссозимна Гнассингбені салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті
-
155
-
0
-
3
-