Оған себеп – егін егу науқаны кезінде болатын шығындардың, тұқымдық бидай, жанармай және тыңайтқыш бағасының өсуі.
Қазақстанда нанның бағасы тағы қымбаттауы мүмкін. Өйткені, биыл бидай бағасы 30 пайызға өскен. Сол себепті кей кәсіпорындар қазірдің өзінде шығаратын өнімдерінің құнын көтеруге мәжбүр болып отыр, деп хабарлады 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.
Қазақстан астық одағы қымбатшылықтың негізгі себебін қуаңшылық пен жанар-жағармай тапшылығымен байланыстырады. Қазір бидайдың тоннасы 118 мың теңгеден сатылып жатыр. Бағаның бұлай шарықтауы ұн шығаратын ең ірі кәсіпорындардың өзіне қиындық туғызды.
"Биыл бидай бағасы қатты қымбаттады. Әрине, ол біздің компаниямызға әсер етіп, шығаратын өнімдеріміздің бағасын амалсыз көтеріп жатырмыз", – деді Көкшетау қаласындағы астық өндіруші компания басшысы Максим Белусев.
Биыл бидайдың бірден 30 пайызға қымбаттауына қуаңшылық кесірінен дақылдың аз шығуы себеп болған. Оған жанармай мен астықты егуге керекті химиялық дәрілер бағасының да күрт өсуі қосылып отыр. Қазақстан астық одағының өкілдері баға келесі егін науқанына дейін тұрақталмайтыны анық екенін айтты. Өйткені, диқандар ақпан-наурыз айларында қоймадағы бидайды тіпті қымбатқа сатуы мүмкін деген болжам бар.
Оқи отырыңыз: "Әр дүкенге – бес нан". Алматы дүкендерінде нан дефициті басталды
"Келесі күзде жаңа астық жинау науқаны басталғанға дейін бидай бағасы төмендемейді деп ойлаймын. Керісінше, өсуі мүмкін. Оған басты себеп – алдағы көктемде егін егу науқаны кезінде болатын шығындардың, тұқымдық бидай, жанармай, тыңайтқыш бағасының өсуі", – дейді Қазақстан астық одағының ресми өкілі Қазыбек Омаров.
Астық одағы мемлекеттік "Азық-түлік корпорациясы" ұн өндірушілерге бидайды арзандатып берсе ғана биыл бағаны тұрақтандыруға мүмкіндік барын мәлімдеді.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1🇰🇿 🇮🇷 Иран Қазақстанға цитрус жемістерін жеткізу көлемін арттыруға дайын
-
418
-
0
-
1
-
-
2🏙 Алматы мен Қонаев арасында G4 City арнайы экономикалық аймағы құрылады
-
415
-
0
-
1
-
-
3Жаңа сайланған сенатор Гүлмира Кәрімова 45 жасында қайтыс болды
-
401
-
0
-
8
-
-
4"Атырау жастары" ипотекасына өтініш беру 1 ақпанда басталады
-
381
-
0
-
5
-
-
5📲 TikTok-тың тренд трюктерін қайталау неге қауіпті?
-
361
-
0
-
3
-
-
6Экология министрлігі 1815 ақбөкенді ғылыми мақсатта алуға қатысты түсініктеме берді 🦌
-
361
-
0
-
0
-
-
7💸 Қазақстан халық әртістерінің үстемеақысы 2 есе артады
-
361
-
0
-
5
-
-
8Биыл Kids go free бағдарламасымен 2 мың бала тегін ұша алады ✈️
-
363
-
0
-
4
-
-
9Мемлекет басшысы Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбекті қабылдады
-
363
-
0
-
2
-
-
10Отбасы банкі кезексіз және конкурссыз ипотека рәсімдеудің жолын түсіндірді
-
366
-
2
-
5
-