Жұлдызнамашы, тектанушы, үй жануарларына күтім жасайтындар, мен неке агенттіктерінің табысы артқан, деп хабарлайды 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.
Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сүйенсек, биылғы тоғыз айда олар 380,7 миллиард теңге тапқан. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 85% көп.
Соңғы уақытта жұлдызнамашы, бал ашатындар, тектанушы, үй жануарларына күтіп жасайтындар мен неке агенттіктеріне сұраныс артқан. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, биыл 9 айда ерекше мамандық иелері 380,7 миллиард теңге пайда тауып, ІТ мамандарының табысына жақындап қалған.
Оқи отырыңыз: "Сюцай – нумерологияның бір түрі". ҚМДБ үкімі қандай?
Мәселен, астролог Қаракөз Аппазованың бір сағаттық кеңесі 20 мыңнан басталып 80 мың теңге дейін жетеді. Адамдар маңызды шешім қабылдамас бұрын оның жорамалына жиі жүгінеді екен.
"Ең басында қытай астрологиясымен айналыстым, өйткені қазақы жылнамаға сай жақындықтары бар. Астрологияға жүгінетіндердің көбі – әйелдер. 20 адамның ішінде екеуі ғана ер адам болады. Әркімнің қалауы әртүрлі. Кейбірі мүлік алғысы келіп, кейбірі бала көтергісі келеді. Қарғыс бар ма, жоқ па – соны анықтағысы келетіндер бар", – деді астролог Қаракөз Аппазова.