Тікелей эфир

Астаналық боксшы Санжар Тәшкенбай әлем чемпионатының финалына шықты

Финалдық кездесулер 13-14 мамырда өтеді.

Өзбекстанның Ташкент қаласында бокстан әлем чемпионатының финалына жерлесіміз Санжар Тәшкенбай шықты. 48 келі салмақта жарыс жолына алғаш болып шыққан ол ресейлік Эдмонд Худояннан 5:0 есебімен басым түсті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Санжардың ақтық бәсекедегі қарсыласы – Грузия елінің спортшысы Сахил Аллахвердови. Айта кетейік, бокстан әлем чемпионатының жартылай финалына 5 боксшымыз жолдама алған болатын. Олардың қатарында Астана қаласының былғары қолғап шебері Нұрбек Оралбай да бар.

Фото: Астана әкімдігінің баспасөз қызметі

Финалдық кездесулер 13-14 мамырда өтеді.

Еске алсақ, Ташкентте бокстан әлем чемпионаты 1 мамыр күні басталған болатын. Жүлделер үшін 104 елден жиналған 600-дан аса былғары қолғап шебері таласқа түсуде. Жарыс 13 салмақ дәрежесі бойынша өтіп жатыр.

Әлем чемпиондары Халықаралық бокс қауымдастығынан (IBA) 200 000 АҚШ долларынан алады. Күміс жүлдегерлерге 100 000 мың, қола жүлдегерлердің әрқайсысына 50 000 мың АҚШ доллары беріледі.

Чемпионаттың жалпы жүлде қоры 5,2 млн АҚШ долларын құрайды.

Фото: Астана әкімдігінің баспасөз қызметі

Жартылай финалдық және финалдық бәсекелерді Qazaqstan және Qazsport телеарналарының тікелей эфирінен көре аласыздар.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары