Астаналық әйел кішкентай қыздарын Сириядағы лаңкестерге тұрмысқа бермек болған

Фото: Getty Images
Фото: Getty Images
Ол телеграмда терроризмді насихаттап, қарулы қақтығыстарды қолдаған.

Терроризмді насихаттап, қызын Сириядағы радикал ұйым мүшелеріне тұрмысқа бермек болған астаналық әйел жеті жылға сотталды, деп хабарлайды 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Лаңкестер қатарына қосылуды көздеген күдікті Алматы әуежайында ұсталды. Ол телеграмда терроризмді насихаттап, қарулы қақтығыстарды қолдаған. Сонымен қатар сот тергеу барысында анықтағандай, екі кәмелетке толмаған қызын лаңкестік топ өкілдеріне тұрмысқа беру туралы сөйлескен. 

Астана қалалық соты әлеуметтік желідегі жазбаларын және куәгерлердің жауаптарын қарап-талдап, күдіктінің қылмыс жасағанын дәлелдеді. 

Осы деректер негізінде айыпталушыны ауыр қылмыс жасаған деп танып, жеті жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары