Прямой эфир Новости спорта

Астанаға пойызбен келген жолаушылар Бурабай мен Баянауылға қалай жете алады?

"Арнайы автобус" қызметіне онлайн өтініш беруге болады.

"Жолаушылар тасымалы" АҚ Астанаға пойызбен келген жолаушыларды Қазақстанның солтүстігіндегі пойыз қатынамайтын елді мекендеріне жеткізетін "Арнайы автобус" қызметін іске қосты. Бұл қызметті бүгіннен бастап пайдалануға болады.

Арнайы автобустар жолаушы саны 10 не одан көп болатын топты солтүстік өңірлерге жеткізеді. Олардың қатарында Бурабай, Зеренді, Баянауыл, Степногорск бағытындағы пойыз қатынамайтын әрі сұранысқа ие маршруттар бар.

"Арнайы автобус" қызметін пайдалану үшін алдын ала онлайн өтініш беруге болады. Жолаушылар арнайы платформада Астанаға келу күнін, қайда баратынын, телефон номерін және өзге де қажетті мәліметтерді енгізу қажет.

Ескерту: Бұл қызмет жолаушы саны 10-нан асатын топтарға арналған. 


Оқи отырыңыз: 2023 жылы Астанадан Алакөлге Тальго пойызымен қатынауға болады


 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар

Серіктестер жаңалықтары