Көше жолының төсеміне орташа жөндеу жұмысы басталды.
Астана полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасының келісімі бойынша жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Шоқан Уәлиханов көшесінде жол төсеміне орташа жөндеу жұмысы басталды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Осыған байланысты 25-28 маусым аралығында Абай даңғылынан бастап Кенесары көшесі дейінгі учаскеде көлік қозғалысы толығымен жабылады.
Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.
Оқи отырыңыз: Астанада үш жылда 15 оқушылар сарайы салынады