Оқушы көптеген дене жарақаттарын алған. Дәрігерлер оның жағдайын ауыр деп бағалап отыр.
Астанада сегізінші сынып оқушысы мектеп терезесінен секіріп кетті, деп хабарлады елорданың білім және денсаулық сақтау басқармалары.
17 сәуірде №72 мектеп-лицейдің төртінші қабатының терезесінен жасөспірім секіріп кеткен.
"Оқиға орнына дереу жедел жәрдем шақырылды, бала ауруханада. Зардап шегушінің миы шайқалған, кеудесі мен іші жарақаттанған, оң жақ білегі мен оң аяғы сынған. Жалпы жағдайы тұрақты және ауыр деп бағалануда (алған жарақаттарына байланысты). Оның жағдайы дәрігерлердің бақылауында", – деп жазылған хабарламада.
Уәкілетті органдар оқиғаның себептерін анықтау үшін тексеру жұмыстарын бастады. Қалалық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады.