Астанада жөндеу кезінде лифт опырылып түсті: бір адам қаза болды

Фото Depositphotos.com
Фото Depositphotos.com
Тағы екеуі жарақат алды.

Астанада тұрғын үй кешенінде лифт құлап, бір қызметкер қаза тапты, тағы екеуі жарақат алды, деп хабарлады қалалық денсаулық сақтау басқармасы.

Оқиға Төлебаев көшесіндегі тұрғын үйде болған. Алдын ала мәлімет бойынша, жөндеу жұмыстары кезінде лифт кабинасы құлаған.

"Бір лифт компаниясының қызметкері оқиға орнында қаза тапты. Екі адам №1 көпсалалы қалалық ауруханаға жеткізілді. Біреуінің жағдайы ауыр, екіншісі орташа ауыр деңгейде. Екеуіне де барлық қажет медициналық көмек көрсетіліп жатыр", – деді дәрігерлер.

Полиция бұл факті бойынша қылмыстық кодекстің 156-бабының 3-бөлігі ("Еңбекті қорғау қағидаларын бұзу, адам өліміне әкеп соғу") бойынша қылмыстық іс қозғағанын мәлімдеді.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары