Астанада жолдар жабылып, әскери ұшақтар көкке көтеріледі

Фото: Мемлекеттік күзет қызметі
Фото: Мемлекеттік күзет қызметі
Елордада бірқатар ауқымды халықаралық саяси іс-шаралар өтеді.

10-14 қазанда Астанада бірқатар көшелер жабылады. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі хабарлады. 

"Астана қаласында бірқатар ауқымды халықаралық саяси іс-шаралар өткізілуіне байланысты 2026 жылғы 10-14 қазанда қала көшелерінің жекелеген бөлігінде көлік құралдарының жүруіне уақытша шектеу қойылады. Іс-шараларда Қазақстан Республикасының арнайы мемлекеттік, құқық қорғау органдары мен Қарулы Күштерінің күштері мен құралдарын пайдалану көзделген", – делінген хабарламада.

Оған қоса, 9 қазаннан бастап қаланың әуе кеңістігінде әскери авиацияның ұшу жаттығулары жоспарланған.

Мемлекеттік күзет қызметі елорда тұрғындары мен қонақтарынан халықаралық деңгейдегі маңызды оқиға уақытында өткізілетін қауіпсіздікті қорғау шараларына түсіністікпен қарауды сұрады.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау