Сондай-ақ, жолда жүру картасымен де төлеуге болады.
Астанада қоғамдық көлікте жол жүру ақысын Beeline операторларының "Мой Beeline", Tele2 және Altel мобильді қосымшалары арқылы төлеуге болады. Бұл туралы City Transportation System ЖШС хабарлады.
"Жол жүру ақысын Kaspi.kz, Homebank, "Мой Activ", Kcell, Tolem, "Мой Beeline", "Tele2 Қазақстан", Altel мобильді қосымшалармен QR кодын сканерлеу арқылы төлеуге болады", – делінген хабарламада.
Сондай-ақ, көлік картасымен де төлеуге болады.