Тікелей эфир

Астанада заңсыз крипто айырбастап, 15 млрд теңге тапқандар сотталды

Олар 1,5-2,5 пайызға дейін сыйақы комиссия алып отырған.

Астанада заңсыз крипто айырбастау пунктін ұйымдастырғандар сотталды. Заңсыз кәсіпкерлік фактісі бойынша А.В. Кучукова пен Е.Т. Садыровқа қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталды, деп хабарлайды ҚР ҚМА баспасөз қызметі.

Аталған азаматтар криптовалютаны қолма-қол ақшаға айырбастап, аса ірі мөлшерде табыс тапқан. Заңсыз қызметтен түскен ақша айналымы 15 млрд теңгені құраған. Олар 1,5-2,5 пайызға дейін сыйақы комиссия алып отырған.

"Мемлекет кірісіне криптовалюта әмиянының балансындағы 22 894,5 USDT мөлшерінде қамтамасыз етілмеген цифрлық активтер, 328 мың АҚШ доллары және 7 млн теңгеге жуық ақша тәркіленді. Сот А. В. Кучуковқа мүлкін тәркілеп, 3 жыл мерзімге, ал Е.Т. Садыровқа мүлкін тәркілеп, 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыруға үкім шығарды", – делінген хабарламада. 


Оқи отырыңыз: ҰБТ, Қазтест және өзге тестілеулерден ҰТО жылына 1,7 млрд теңге пайда табады


Қазақстан аумағында заңды тұлғасыз және лицензиясыз айырбастау операцияларын жүзеге асыруға тыйым салынған.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары